• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Армияшылар да қатысады

284 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армияшылардың орталық спорт клубының (АОСК) тоғыз спортшысы Алматыда өтетін XXVIII қысқы Универсиадада Қазақстан құрама командасының сапында сайысқа түседі. Әскери қызметшілер биатлоннан, шаңғы жарысынан және шайбалы хоккейден жүлделі орындар үшін бағын сынайды. Қатысушылар арасында АОСК спорт ротасының келісімшарт қызметіндегі, сондай-ақ, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бар. Бүгінгі күні барлық спортшылар алдағы Универсиадаға жоспарлы түрде даярлыққа кіріскен. Сонымен, биатлон бойынша штаттық команданың спортшылары Германиядағы Әлем кубогының сатыларында сайысады, содан кейін Италиядағы жарысқа қатысады. «Өз жерімізде сайысу – біз үшін үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алдағы жарыстарда еліміздің Көк туын көкке көтерумен бірге, Қарулы Күштеріміздің туын асқақтату да үлкен құр­мет!» – деп атап өтті АОСК биатлоншысы Василий Подкорытов. XXVIII қысқы Универсиада Алматы қаласында биылғы жылдың 28 қаңтарында бас­талатынын айта кеткен жөн. Аталған жарыс 50 жылдан бері әлемдік спорт аренасында ха­лықаралық оқиғалардың маңыз­дылығы мен өкілеттілігі жағынан екінші орында. Бұл жолғы сайыс әлемнің 57 елінен 3500-ден астам спортшының басын біріктіргелі тұр. Дүбірлі додада спорттың 12 түрі, атап айтқанда, биатлон, тау шаңғысы және конькимен жүгіру спорты, кёрлинг, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фрис­тайл, шайбалы хоккей жә­не шорт-тр