• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

17 қаңтарға арналған ауа райы

531 рет
көрсетілді

17 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек шығыс аумақта қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың жекелеген аумақтарында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарын тұман басып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа артады. Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Соңғы жаңалықтар