• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

«Астана» ойыншысы өз құрамасының жеңісті голын соқты (видео)

347 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының ойыншысы Жуниор Кабананга Конго Демократиялық Республикасының Африка ұлттар кубогы турниріндегі жеңісті голын соқты. Топтық кезеңнің бірінші ойынында Марокко ұжымымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз допты Кабананга 55-минутта салды. Айта кетейік, алғашында Конго ДР бас жаттықтырушысы Флоран Ибенже оны турнирдің нақты тізіміне қоспаған болатын. Алайда, тағы бір ойыншының жарақат алып қалуына байланысты соңғы сәтте «Астана» футболшысын қайтару жөнінде шешім қабылдады. Осы топтың тағы бір ойынында Кот-д`Ивуар мен Того командалары кездесіп, 0:0 есебімен тарқасты. Ал Конго ДР келесі кездесуін 20 қаңтар күні Кот-д`Ивуармен өткізеді.