• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Қостанайда «бомба» туралы жалған ақпарат бергендер саны көбейген

402 рет
көрсетілді

2016 жылы 13 адам жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Биыл да қаңтар айының ортасында Рудный қаласының 35 жасар  тұрғыны полицияға Стадион орналасқан Дубок аялдамасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы телефонмен хабарлаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен, сол аумақ тегіс қоршауға алынған. Бірақ жарылғыш қондырғы табылмады. Ал оны хабарлаған адам  әзіл екенін айтқан. Қазір ҚР ҚК «Терроризм туралы жалған ақпарат бергені» үшін 273-бабына жататын  осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».