• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Өрт сөндіргіш құрылғысы бар батареялар шықты

356 рет
көрсетілді

Стэнфорд университеті ғалымдары литий-ионды батарея жасап, оның ішіне өзінің өрт сөндіргіш құрылғысын орнатты. Арнайы құрылғы батарея қызып кетіп өрт туындаған жағдайда оны сөндіреді, деп жазады BBC. Батареяның температурасын төмендететін трифенилфосфат арнайы капсулаға салынған. Егер температура 150 цельсий градустан асса, құрылғы автоматты түрде батареяны суытып, өртті сөндіреді. Сынақ кезінде құрылғы өртті 0,4 секундта сөндірді. Дегенмен, бұл құрылғы батареяның қызметіне кедергісін келтірген екен. Литий-ионды батареялар көптеген жерлерде қолданылдаы. Бұл батареялар өрт қауіптілігі жоғары саналады.