Халықаралық жарыстар кезінде дрондарды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы рұқсат негізінде ғана пайдалана алады. Бұл туралы Универсиада-2017 ресми сайтында хабарланды.
«Алматыда өтетін Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада-2017 шарасына дайындық және өткізу дирекциясы» қауіпсіздік департаментінің өкілдері жарыстардың өтетін уақытында және Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімдерінде бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (дрондар) пайдалану ережелерін түсіндірді. Яғни, спорт нысандарында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолданудың қатаң ережесі болады. Дрондарды қолдануға рұқсат алу үшін БАҚ өкілдері аталған рәсімді Алматы қаласының әкімдігі мен Мемлекеттік күзет қызметімен келіседі", - делінген хабарламада. Аталған органдармен келісілген соң, дрондардың пайдаланылатындығы жөніндегі ақпаратты дирекцияның баспасөз қызметіне жеткізу керек.