Бүгін Астана уақытымен сағат 10:00-де Брент маркалы мұнай құны 55,70 долларға бағаланды.
Апта басынан бері айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған мұнай бағасы алдағы ОПЕК+ комитеті отырысынан жаңалық күтеді. 21-22 қаңтарда өтетін шарада жыл басынан бері мұнай экспорттаушы елдердің жыл басынан бері өндірісті қаншаға азайтқаны туралы ресми ақпарат жарияланады деп күтіледі.
Investing басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясы энергетика министрлігінің ОПЕК+ келісімі міндеттемелерінің сәтті жүзеге асырылып жатқаны туралы мәлімдемесі бағаны жоғары көтерсе, жекелеген инвесторлардың ОПЕК+ келісімшартының толықтай жүзеге асырылатынына күмәнмен қарауы бағаны төмен тартуда. Нәтижесінде шикізат бағасы балансты ұстап тұр.