Ел үкiметi Алматыда өтетiн бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне сыйақы бекiттi. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
«Үкiметтiң жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге сыйақы бекiту шешiмi спортшыларымызды Универсиадада сәттi өнер көрсетуге ынталандырады. Сонымен, бiрiншi орынға 4 млн 900 мың теңге, 2 орынға 3 млн 300 мың, 3 орынға 1 млн 600 мың теңге бекiтiлiп отыр. Мұндай сыйақы жаттықтырушыларға да қарастырылған», - дедi министр.
Қысқы Универсиадаға бiздiң елiмiзден 168 спортшы қатысады. Оларды 65 жаттықтырушы дайындап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Универсиада ойындары Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтедi. Ал Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары 12 бүкiләлемдiк Универсиадаға қатысып, 44 медаль жеңiп алды.