• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

"ХҚКО" департаменті СҚО филиалының директоры тағайындалды

348 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының басқарма төрағасының бұйрығымен Мұхамадияр Өмiрзақұлы Исматов — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы СҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұхамадияр Өмiрзақұлы құқықтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетiн аяқтаған. Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша жер ресурстары мен жерге орналастыру маманы болып бастады. Әр жылдары «Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданының мәслихаты» ММ-де ревизор, Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-де инспектор, Астана қаласының «Сапалы» ЖШС-нiң заңгерi, «МиГ кредит Астана» микронесиелiк ұйымының корпоративтiк клиенттер мен жұмыс жасау департаментiнiң басшысы, Солтүстiк Қазақстан облысының Қызылжар аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ филиалының бөлiм басшысы, Ақмола облысының №1 Целиноград аудандық, Астана қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ филиалының бөлiм басшысы болды. 2016 жылдың қыркүйек айынан осы тағайындауға дейiн Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы департаментiнiң мамандандырылған бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарды.