• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Марадона «Наполи» командасының елшісі атанады

381 рет
көрсетілді

Диего Марадона «Наполи» футбол клубының елшісі және Неаполь қаласының құрметті азаматы атанады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. «Біз Марадонамен өткен сенбі күні бірнеше сағат әңгімелестік. Салық жөніндегі мәселесі шешілгеннен кейін бірден «Наполидің» әлемдегі елшісі атанады», – деді клубтың президенті Аурелио Де Лаурентис. Бұған дейін әйгілі футболшының клубтағы бір қызметке келетіні хабарланған. Сонымен, қатар, Неапольдің құрметті азаматы атанаты белгілі болды. Ал 2016 жылдың қазан айында Италиядағы салығын төлеуден бас тартқаны жөнінде әлемдік БАҚ жарыса жазған болатын. Алдын ала болжам бойынша бұл рәсім мамыр айында «Сан-Паоло» стадионында өтеді. Аталмыш командада 1984-1991 жылдары доп теуіп, барлығы 259 матчта 115 голдың авторы атанған. Соңғы рет 2012 жылы «Аль-Васл» (БАӘ) клубын жаттықтырған. Айта кетейік, ол 1982 жылы әлем чемпионатына қатысып, әйгілі шабуылшы Пеленің мұрагері деген атқа ие болған. Испанияда өткен дүбірлі додадан кейін «Барселона» командасымен келісімшартқа отырып, екі жыл ойнаған. Алайда, Пиреней түбегінде жарақатына байланысты бойындағы таланатын толығымен көрсете алмады. Осыдан кейін Италияның «Наполи» командасында ауысып, мансабындағы ең жақсы жылдарын өткізді. Аргентиналық ойыншы екі дүркін А сериясында чемпион атанса, бір реттен Италия Кубогын және УЕФА кубогын жеңіп алған. Ал ұлттық құрамасымен 1986 жылы әлем чемпионы атанса, 1990 жылы осы турнирдің финалына дейін жеткен. 1997 жылы футболшылық ғұмырын тәмамдады. Мансабында 687 матчқа қатысып, 363 голдың авторы атанды. Ал Аргентина құрамасында 113 матчта 50 гол соққан.