Алматы халықаралық әуежайында 10 рейстің ұшу уақыты өзгерді, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Алматы әуежайының мәліметі бойынша төмендегідей рейстердің ұшу уақыты кешіктірілді:
1. KC971 Алматы-Шымкент (Шымкенттегі ауа райының қолайсыздығы) «Эйр Астана» ӘК;
2. DV725 Алматы-Өскемен (Өскемендегі ауа райының қолайсыздығы) «Скат» ӘК;
3. КС405 Алматы-Киев (Транзит жолаушыларының кешігуіне байланысты) «Эйр Астана» ӘК;
4. КС881 Алматы-Орал (техникалық себептерге байланысты) «Эйр Астана» ӘК;
5. KC301 Алматы-Өскемен (техникалық себептерге байланысты) «Эйр Астана» ӘК;
6. DV735 Алматы-Семей (Ұшақтың кеш келуіне байланысты) «Скат» ӘК;
7. KC311 Алматы-Қарағанды (техникалық себептерге байланысты) «Эйр Астана» ӘК;
8. КС859 Алматы-Ақтау (техникалық себептерге байланысты) «Эйр Астана» ӘК;
9. SU1947 Алматы-Мәскеу (ұшақтың кеш келуіне байланысты) «Аэрофлот» ӘК;
10. DV706 Алматы-Шымкент (Шымкенттегі ауа райына байланысты) «Скат» ӘК.
Сонымен қатар, DV 713/714 Алматы-Астана-Алматы рейсінің ұшуы тоқтатылды.