• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Әр шетелдік Алматыда тәулігіне 245 доллар жұмсайды - Байбек

330 рет
көрсетілді

28-шi қысқы дүниежүзiлiк Универсиада ойындарына келетiн туристер Алматының кәсiпкерлерiне 2 млрд теңгеден астам пайда табуға мүмкiндiк бередi. Ал Global destination cities index мәліметі бойынша, Алматыға келген шетелдік туристің бір күндік шығыны 245 доллар болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек айтты. "Global destination cities index мәліметі бойынша, Алматыға келген шетелдік туристің бір күндік шығыны 245 доллар. Ал 5 мың турист қалада бес күн аялдайды десек, онда қаланың шағын және орта кәсіпкерлері осы уақытта 2 млрд теңге табыс табады. Тек қатысушы мемлекеттердің өздері атлетикалық ауылда тұру үшін 1 млн еуро алып келеді. Сонымен қатар Универсиада дирекциясының ұсынысымен қаладағы 8 қонақүйге туристер жатқызылады", - дейді Байбек. Естеріңізге сала кетсек, Универсиада-2017 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.