• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Универсиада қарсаңында жаңартылған навигация жүйесі енгізілді

328 рет
көрсетілді

Алматыда 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиада қарсаңында қосымша 300-ден астам ақпараттық-көрсеткіш жол белгілері орнатылған, деп жазады Универсиаданың ресми сайты. Универсиада дирекциясы хабарлағандай, спорт нысандары және оларға көлік қозғалысының бағдарлары туралы ақпарат жеке жобалау белгілерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетілген. Жол белгілерінің дизайны өткізілетін жарыс түрлері бойынша спорт нысандарының бағдарламалары мен жарыстардың бекітілген логотипін қамтиды. Бағдар бойынша бейімделу белгілері спорт құрылыстарына, көлік инфрақұрылымы нысандарына (т/ж вокзалдары және «Алматы» халықаралық әуежайы), Универсиада спортшылары мен қонақтары демалатын және тұратын орындарға өтудің оңтайлы бағдарларында орналасқан. Сондай-ақ навигация жүйесіне Алматы қаласының медициналық мекемелері кірді. Болжамдарға сәйкес, Универсиадаға қатысушылардың 90%-ы Алматы қаласының халықаралық әуежайына тікелей әуе рейстерімен келеді. Бұдан бөлек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, Момышұлы көшесінде, «Алматы Арена» спорт кешенінің оңтүстігіне қарай бағдаршам нысаны орнатылған. «Алматы Арена» спорт нысанының солтүстігіне қарай бос орындардың бар екені туралы ақпараттандыратын электронды табломен жарақтандырылған қосымша автотұрақ дайындалған.