• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Ақтөбеде «Туған жерге тағзым» акциясы қорытындыланды

529 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы әкімдігінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шара өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Шараның аясында 817 млн. теңгеге 560 жоба жүзеге асырылған. Оған аймақтағы кәсіпкерлер тартылған. Мысалы, бизнесмендердің біреулері өз қаражатына мектепке жөндеу жасаса, екіншілері жолдарды жөндеп, көпірлер салып, оқу ғимараттарының материалдық-техникалық қорын жаңалауға атсалысты. Мұның барлығы бюджеттен тыс қаражатқа атқарылған дүниелер. Дегенмен, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі де әлсіз жүргізіліп жатқандығын айтады. Облыстағы қайырымды жандардың көмегімен бұдан да зор әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынын айтқан ол, осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жақсарта түсуді аудандарға тапсырды. -Өкінішке қарай, бұл акцияда бұқаралық сипат жоқ. Жобалар жоқ емес, алайда олардың көлемі шағын. Ал бізге ірі жобалар қажет. Тірек елді мекендеріне туған ауылының дамуына үлес қосып, өзі оқыған мектебіне барлық қолдан келген көмегін көрсететін кәсіпкерлерді бекіту қажет. Бұған қоса акцияның тәрбиелік мәні де бар. Әр азамат туып-өскен жерін ұмытпауы тиіс,-деді Бердібек Сапарбаев.