Keeper Security компаниясы 2016 жылғы ең әлсіз құпия сөздердің тізімін жасады, деп жазады Today.kz.
Компания 10 млн құпия сөзді сараптай келе, солардың арасында ең көп қолданылғанын шығарды.
Рейтингтегі ең танымал 25 құпия сөзді аталған 10 млн қолданушының тең жартысы пайдаланған.
Ең бірінші орында "123456" құпия сөзі. Оны пайдаланғандар саны 17 пайыздан асады. Сонымен қатар алғашқы ондықта бірден тоғызға дейін, сегізге немесе жетіге дейін жазылған құпия сөздер бар. Ал ең қауіпті 15 құпия сөздің 7-еуі алты немесе одан да аз символдан тұрады.
Тізімде сонымен қатар "1q2w3e4r" немесе "123qwe" секілді комбинациялар бар.
Ал ең қауіпті құпия сөздерде "18atcskd2w" немесе "3rjs1la7qe" секілді комбинациялардың болуын мамандар провайдерлердің спамнан сақтандырылмағанымен түсіндіреді.