Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Мульбурн қаласында өтіп жатқан теннистен Австралия ашық чемпионатын (Australian Open) жеңіспен бастады.
Турнир ұйымдастырушыларынан 31-ші нөмірді алған Путинцева бірінші айналымда испаниялық Лара Арруабаррена-Весиномен кездесті. Бас-аяғы 2 сағат 47 минутқа созылған матч 7:6 (9:7), 7:6 (12:10) есебімен аяқталды.
Жарыстың келесі айналымында ол қытайлық Чжу Линьді екі сетте 6:4, 6:0 есебімен ұтқан латвиялық Елена Остапенкоға қарсы кортқа шығады.
Ал тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин турнирдің бірінші айналымында америкалық Фрэнсис Тиафодан төрт сетте 1:6, 7:6, 3:6, 2:6 есебімен жеңілді. Сонымен қатар, Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева да қарсыластарына есе жіберді. Ал Қазақстан атынан шыққан Александр Бублик оңтүстіккореялық Дака Хи Лиді үш сетте 4:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.