20 қаңтардан бастап Атлетикалық ауыл аумағында 50 қызметкері бар полиция бөлімі ашылады. 7,5 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлер Алматыда өтетін Универсиада-2017 кезінде қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
Министрдің айтуынша, оның ішінде 150 кинолог пен жарылғыш заттар бойынша мамандар қамтамасыз ететін болады. Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігі қызметінің 600 қызметкері, 63 техника, 4 ұшақ тәулік бойы қызмет етеді.
Студенттер ойынының барлық нысандарында тексеру жабдықтары жүйелері орнатылып, тестілеуден өткізілді. Жұмысқа 96 аркалық және 27 рентгендік-телевизиялық қондырғы, 2000 бейнекамера әзірленді. Оның ішінде 182-сі – Шұғыл басқару орталығына шығарылады.
«Жалпы, Универсиаданы өткізу кезінде қажетті құқықтық тәртіп қамтамасыз етіледі», - деді ведомство басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.