• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Қазақ киносын дамытуға арналған заң жобасы әзiрленуде

370 рет
көрсетілді

Қазiргi уақытта Қазақ киносын дамытуға арналған заң жобасы әзiрленуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, заң жобасы наурыз айында Үкiмет қарауына ұсынылып, мамырда Парламентте қаралады деп жоспарлануда. «Бүгiнгi күнi бүкiл кино саласы «Мәдениет туралы» заңның бар болғаны 6 бабымен ғана реттеледi. Кино өндiрiсi, прокат, кино өнiмi дистрибуциясы, сақтау және өткен уақыттың бiрегей киноларының таралымы процесiнiң қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынастың бар қырын ашатын нормалар жоқ», - дедi министр. Оның айтуынша, тек 2016 жылы ғана Үкiметтiң қолдауымен «Кинематография туралы» заң жобасын әзiрлеу 2017 жылдың заң жобасы жұмыстарының жоспарына енгiзiлдi. Қазiргi уақытта тұңғыш салалық заң әзiрленiп жатыр.