• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Алматыда Универсиада медальдары таныстырылды

418 рет
көрсетілді

Алматыда Универсиада-2017 спорт додасының медаль топтамалары таныстырылды. «Медальдар біздің Универсиада брендіне және Халықаралық студенттер федерациясының талаптарына сәйкес жасалды. Сонымен қатар, Универсиада Алматыда өтіп жатқандықтан, қаланың бренд белгісін таңбаладық. Медаль жазуы үш тілде берілді», - деді 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары Камила Лұқпанова. Естеріңізге сала кетсек, Универсиада-2017 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.