• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Дүниежүзілік Давос экономикалық форумы басталды

489 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік эконмоикалық форумның жыл сайынғы сессиясы биыл 47-ші рет ұйымдастырылып отыр. Давостағы айтулы шараға биыл 3 мыңдай делегат барған, деп жазады форумның ресми сайты. Шара 17-20 қаңтар аралығында өтіп жатыр. Дәстүр бойынша Швейцарияның Давос қаласына мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйым жетекшілері мен атақты қоғам қайраткерлері қатысуда. Форумды биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ашты. Қытай делегаттары биыл саны жағынан ең көп ұжым болып отыр. Өткен жылы ең көп өкіл АҚШ-тан барған еді. Германия атынан шараға Ангела Меркель бастаған делегаттар мен қорғаныс және қаржы министрлері барса, Франция бұл жолы тек министрлік деңгейіндегі өкілдерін жіберген. Ал Британиядан Тереза Мэйдің өзі қатысуда. Сонымен қатар форумға Петр Порошенко мен ильхам Алиев те барды. Биылғы әлемдік нарықта шикізат бағасын көтеруде айтарлықтай еңбегі сіңген Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих та көпшілік назарында. Бұлардан бөлек Халықаралық валюта қоры басшысыКристин Лагард, Deutsche Bank, Credit Suisse, UBS, Barclays, HSBC, Bank of America қаржы ұйымдары мен Facebook, Alibaba Group, eBay, Wal-Mart, Total секілді ірі кәсіпорындардың жетекшілері қатысуда.