• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Астананың жаңа теміржол вокзалына көлік тұрағы салынады

288 рет
көрсетілді

Жаңа теміржол вокзалында мыңнан астам ақылы тұрақ орындары ашылады. Вокзал биылғы мамыр айында ашылады деп жоспарланған, деп жазды ҚазАқпарат. «Астана LRT» ЖШС көлік бойынша директоры Рустам Халиловтың айтуынша, көше тұрақтарынан бөлек, мұнда жүздеген автокөлікке арналған паркинг ғимараты бой көтереді. Жаңа вокзалда ескі вокзалдағы жағдай қайталанбауы тиіс. «Мүгедектер мен заңды такси тасымалдаушыларға да орын қарастырылады. Біз қоғамдық көлікті тектен-текке дамытып жатқан жоқпыз, сондықтан автобустарға ауысып міну мүмкіндігі болады. Автотұрақтың негізгі міндеті адамдардың өз көлігін ұзақ уақытқа тастап кетпеуі болмақ. Мәселен, қазіргі вокзалдың автотұрағы ақылы жүйеге ауысты», - деді Халилов. Оның айтуынша, бұрындары автотұрақтың 80-90 пайызы лық толып, 10 пайызы ғана бос тұратын. Бүгінде кептелістің қызған шағында автотұрақтың 60-70 пайызы ғана толады және бос орын табу мүмкіндігі көбейді.