Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлем бойынша ең инновациялық экономикасы бар елу мемлекеттің тізімін жасады. Онда Қазақстан 45,56 көрсеткішімен 48 орында тұр.
Innovation Index тізімін құрарда Bloomberg жеті критерийді ескерген: инновация мен зерттеулерге жұмсалған қаражат, өнімділік, тиімділік, зерттеулердің, зерттеушілердің және жоғары технологиялы компаниялардың концентрациясы, патенттерді тіркеу және т.б. Бірінші орында 89,00 көрсеткішімен Оңтүстік Корея, одан кейін Швеция (83,98), Германия (83,92), Швейцария (83,69) және Финляндия (83,26) тұр.