Ертеңнен бастап электрондық үкімет порталы арқылы Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу онлайн режімде іске қосылады. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысынан кейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
«Егер тестілеуден сәтті өтсе, онда ертеңнен бастап онлайн-тіркеуді (азаматтарды уақытша тіркеу) қанатқақты режімде іске қоса аламыз», - деді министр.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 250 мың адам тіркеуден өткен.