• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Ақтөбе жолдарын қардан тазалауға 910 млн теңге бөлінген

336 рет
көрсетілді

Қыс мезгілінде қала жолдарын күтіп ұстауға жергілікті атқарушы билік 910 млн. теңге бөлді. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз маслихатында қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров мəлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат. - Биыл қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау үшін қала бюджетінен 910 млн. теңге бөлініп және барлығы 14 арнайы мердігер, 260 бірлік техника жұмылдырылды. Мердігерлер қысқа дайындық кезінде жолдарда көктайғақ болмау мақсатында 1500 тонна құм аралас тұз және 500 тонна тұз материалдары дайындап, олар осы уақытта себілуде. Қар шығару және де қала аумағын қоқыстан, жаяу жүргінші жолын тазарту жұмыстары жүргізілуде, - деді Нағымжан Алдияров. Қазір қаладағы  30-дан астам көше тазартылған. Қар шығару жұмыстары су тасқынына қарсы шаралардың ең басты бағыты болғандықтан, қатаң бақылауға алынған. Қыс мезгілінің басынан бері қала көшелерінен 120000 текше метрден астам қар қала полигондарына шығарылды. Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жұмыс жасауда.