• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Ақтөбеде 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бағдарлама пәтерлеріне құжат қабылданады

283 рет
көрсетілді

Ақтөбеде 1 ақпаннан бастап «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үй бағдарламасы бойынша 60 пәтерге құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша құжаттарды қабылдау басталатындығы жөнінде хабарлайды. Бағдарламаға тек жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар, яғни, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар қатыса алады. Атап айтқанда: 1) Көп балалы отбасылар; 2) Толық емес отбасылар; 3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 4) Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 5) Оралмандар; 6) Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар. Тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға беру арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-7 ақпаны аралығында «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық нұсқада қабылданатын болады. Аталған бағдарлама бойынша Қонаев көшесінен 60 пәтер беріледі: 1 бөлмелі пәтер - 32 дана, (40,20 ш.м.-ден 42,80 ш.м.-ге дейін); 2 бөлмелі пәтер  - 28 дана, (51,90 ш.м.-ден 61,50 ш.м.-ге дейін). Тұрғын үй сатып алу құқығымен 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үйді жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 918 теңгені құрайды. Өтініш беру кезінде қатысушы қандай ауданға және қанша бөлмеге үміткер екенін көрсету қажет.