• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

2016 жылы Орал қаласының бюджеті 31,2 млрд теңге болды

293 рет
көрсетілді

Орал қаласының 2016 жылғы бюджеті 31,2 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылғыдан (26,5 млрд. теңге) 18 пайызға артық, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталған қаржының 5 млрд. теңгеге өсу себебі республикалық (2 млрд. теңге) және облыстық (3 млрд. теңге) бюджеттен келген қосымша трансфертке байланысты. Жыл қорытындысына сәйкес қала бойынша мемлекеттік бюджетке 89 млрд. теңге шамасында түсті. Бұл 2015 жылғыдан (68,3 млрд. теңге) 30 пайызға көп. Соның ішінде республикалық бюджет еншісі - 73 пайыз (64,7 млрд. теңге), облыстікі - 8 пайыз (7,6 млрд. теңге), шаһардікі - 19 пайыз (16,7 млрд. теңге). 2015 жылмен салыстырғанда, бюджет кірісінің 130 пайыз құрағанын айта кету керек. Соның ішінде республикалық салықтар бойынша - 142 пайыз, реттелетін салықтар бойынша - 121 пайыз. Бұл салықтық түсімдердің елеулі түрде өскендігін көрсетеді. Қала бюджетінің негізгі бөлігі әлеуметтік (52,4 пайыз, 16,3 млрд. теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (20 пайыз, 6,3 млрд. теңге) және құрылыс (19 пайыз, 6,1 млрд. теңге) саласына жұмсалды.