• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

2017 жылғы ЖІӨ өсімі болжағаннан жоғары болуы мүмкін

366 рет
көрсетілді

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылғы жалпы ішкі өнім өсімі бұған дейін айтылған жорамалдан көбірек болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады kapital.kz. «ЖІӨ 2017 жылғы көрсеткіші болжамнан көбірек болады», — деді Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, елдің эконмоикалық және әлемуеттік өсім көрсеткішінің болжамы былтыр жасалған. Онда 2017 жылы өсім 1,9 пайыз, 2021 жылы 3,1 пайыз өседі деген жорамал келтірілген. «Біз қазір жаңа болжамды дайындап жатырмыз. Ақпан айында жаңа болжамды ұсынамыз», — деді министр. Сонымен қатар Сүлейменов мұнай саласындағы өзгерістердің де соңғы жорамалда ескерілмегенін алға тартты. «Мұнай өндірісін азайтуға байланысты біз мұнай экспортынан түсетін табысты да қайта жаңартамыз. Бұл мәселені энергетика министрлігімен бірлесіп талқылаймыз», — деді. Министрдің айтуныша, мұнай өндірісі азайтылғанымен, ауыл шаруашылығы мен құрылыс, өңдеуші сектордан түсетін табыс ұлғаюы тиіс.