• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

2017 жылы Қызылорда облысында кәсіпкерлерге 180 млн теңге несие беріледі

289 рет
көрсетілді

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы аясында 2016 жылы 32 Қызылордалық кәсіпкерлердің жобалары жүзеге асты. Бағдарламаның сәтті жұмыс жасауы нәтижесінде 175 жаңа жұмыс орындары ашылды, деп хабарлады «Даму» Қорының баспасөз қызметі. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің ең басты қажеттілігі – ол қаржыландыру. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі мен «Даму» Қоры бірлесіп шағын және орта бизнесті қолдауға 1,5 млрд теңге қаражат бөлген болатын. Өңірлік бағдарлама аясында аймақтың кәсіпкерлері 8,5% үстемемен 180 млн теңгеге дейінгі несие қаражатын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ секілді екінші деңгейлі банктерден алуға болатын бірегей мүмкіндікке ие болды, Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасының тиімділігін пайдаланған кәсіпкерлердің бірі - «Спортмастер СБ» ЖШС компаниясының директоры Бауыржан Махмутов. Ол «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 8,5% үстемемен 20 млн теңге көлемінде алған несие қаражатын «Арай» мөлтек ауданында спорттық кешен ашуға жұмсады. Жас стартапшы несие қаражатына қол жеткізу мақсатында «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру бағдарламасын да пайдаланды. Ескере кетсек, облыс Әкімдігі мен Қор арасында 2017 жылы ынтымақтастықты жалғастыру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Үстіміздегі жылы да өңірлік бағдарлама аясында кәсіпкерлер үшін 180 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие қолжетімді болды. Негізгі құралдары қайта жаңғырту мақсатындағы несиені 60 айға дейін берілсе, ал айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін мерзімге несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Несиені кепілдендіру мөлшері жетіспеген жағдайда кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бөлшек кепілдендіру құралын пайдалана алады. Кепілдендіру мөлшері әрекет етуші кәсіпкерлер үшін 50%, ал бастауыш кәсіпкерлерге – несие сомасының 85% дейін қарастырылған.