Сеул қаласында Қазақстанның «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрлық порты мен Қытайдың Ляньюнган порты арқылы Жібек жолы бағытының континентальдік тасымалдау мүмкіндігі және дамуы талқыланды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Презентация «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобының логистикалық блоктың өкілдерімен таныстырылып, Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық бірлескен терминалының басшылары, Ляньюнган теңіз порты әкімшілігінің логистика және контейнерлеу жөніндегі вице-президент Чжан Цзыян, DP World компания мамандарының қатысуымен өтті. Іс-шараға Оңтүстік Корея қоғамдастығының өкілдері, яғни жер, көлік және теңіз министрлігі, теміржол корпорациялары мен басқа да машина жасайтын, сауда-логистикалық ірі компаниялар қатысты.
Логистикалық бизнестің экспорттаушылары мен уәкілдері Қазақстан мен оның серіктестіктерінің логистикалық жүйесін тарту арқылы Жаңа Жібек жолы бағытында тасымалдаудың бәсекелестік артықшылықтары мен перспективалары жайында хабарланды.
«Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық терминал мен «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА көлік-логистикалық инфрақұрылымы Қазақстан арқылы Еуразияның әлемдік экономикасының ірі нүктелерін біріктіретін, көлік-логистикалық тізбектерді ұйымдастырудағы жүк айналымын нығайтатын орталықтар ретінде таныстырылады» - деді өзінің сөзінде «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин.
Қатысушылар Қазақстан мен Қытай логистикалық инфрақұрылымы арқылы Жібек жолының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану өз тауарларын Еуропа, Түркия, Иран және де Орталық Азия елдеріне жылжыту мүмкінділігіне қызығушылық білдірді.