• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Павлодарлық студенттер конькимен "Қыз қуу" ойынын көрсетті (видео)

335 рет
көрсетілді

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Students Winter Game Challenge» эстафетасын бастап, барлық қазақстандық жоғарғы оқу орындарын қатысуға шақырды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. - Эстафетаның шарты - ұлттық ойындар негізінде жаңа қысқы ойынды ойлап табу. Біздің студенттер «Конькиде қыз қуу» ойынын мұз үстінде көрсетті. Оған 20 студент қатысты. Басқалары «конькиде теңге алу» немесе «Сноубордпен бәйге» сынды жаңа ойын түрлерін көрсете алады. Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарын бұл эстафетаны жалғап кетуге шақырамыз. Бұл шараның басты мақсаты - Универсиданың абыройын асқақтату мен жас буынды ұлттық ойынға тарту, - делінген хабарламада. Сіздерге студенттердің конькимен "Қыз қуу" ойынын көрсеткен видеосын ұсынамыз.