• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Қуаты ең жоғары компьютер биыл таныстырылуы мүмкін

531 рет
көрсетілді

Қуаты 1 эксафлопсты құрайтын қытайлық суперкомпьютердің прототипі осы жылдың соңына таман таныстырылуы мүмкін. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Өткен жылдың қараша айында Қытай мамандары әлемдегі қуаты күшті компьютердің прототипін жасауға кіріскені белгілі болған. Қытай Халық Республикасының есептеу техника және технологиясы ұлттық зерттеу орталығының инженері Чжан Тин компьютердің дайын есептік жүйесі тек 2020 жылы ғана шығатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде жетекші мамандардың оң бағасына ие болған Sunway TaihuLight-тен оның күші 200 есе жоғары болмақ. Өткен жылдың қараша айында Sunway TaihuLight қуаты жоғары 500 компьютердің рейтингінде кезекті рет көш бастады. Бұған дейін 2016 жылдың маусым айында бірінші орыннан көрінген. Оның есептеуіш жылдамдығы 93 петафлопсты құрайды. Маусымдағы көрсеткіште екінші орынға тағы бір қытайлық «Тяньхэ-2» компьютері орналасты. Оның есептеуіш жылдамдығы – 33,9 петафлопс. Айта кетейік, Sunway TaihuLight 10,65 миллион ядродан, 41 мың түйіннен тұрады. Ал осы жылдың соңына таман прототипі таныстырылатын компьютер Аспанасты елінің есептеу техника және технологиясы ұлттық зерттеу орталығы дайындап жатыр.