Азаматтарды онлайн-тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Достар, министрлік айтқан мерзімнен екі апта бұрын «электрондық үкімет» веб-порталында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды. Әзірше тестілік жұмыстар жүріп жатқандықтан, тіркеу қызметінде кейбір кідірістер болуы мүмкін. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Осы аптаның соңына дейін аталған қызметке мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда жетілдіру жұмыстары жүргізіледі», - деп жазды министр.
Тіркеу жөніндегі нұсқаулықты мына сілтемеден көруге болады.