Арқар – еліміздің «Қызыл кітабына» енген аң. Маңғыстау өңірінде олардың санының арта түсуі көңіл қуантады.
Өткен жылдың күз айында Алматы қаласынан келіп, әуе санағын жүргізген Зоология институтының ғылыми қызметкерлері Маңғыстауда 2000-ға жуық киік, 1000-нан астам қарақұйрық бар деп ұйғарды. Ал 60-70 пайызы Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркі табиғат кешенінің аумағында болып табылатын арқарлардың саны 1500-ге жуықтаған.
Құрамында Қызылсай, Жабайұшқан, Адамтас, Есет, Көлеңкелі, Манашы секілді жеті қорық бар аталмыш өңірлік парк 2012 жылы құрылған. Қорық мамандары осы парк ашылған соң арқарлардың көбейе бастағанын айтады. Яғни, табиғаттың, жердің жағдайына байланысты көшіп жүретін тұяқты аңның негізгі дені Қызылсай өңірлік табиғи паркінің аумағына бұрынғы Үстірт қорығының аумағын мекендегендер болып табылады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы