• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

«Абай жолымен» жүйткиді

318 рет
көрсетілді

Өткен жылдың жел­тоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың президенті, басқарма төр­ағасы Қанат Қалиұлы Ал­пыс­­баев мырзаға Абай му­зейі ұжымының ұйым­дас­тыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атынан «Ал­дағы 2017 жылы әлемге әйгілі «Абай жолы» ро­ман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұхтар Әуезов­тің туғанына 120 жыл толатынын ескере отырып, «Астана – Защита» бағытына қатынайтын №67/68 «Тұл­пар-Тальго» пойызын «Абай жолы» деп атауды сұрай­мыз» деген мазмұнда арнайы хат жолданған болатын-ды. Хатқа Қазақстанның бір топ ғалымы мен зиялы қауым өкілдері қол қойған. Көп кешікпей Абай музей­і­нің директоры Болат Жү­нісбеков мыр­заға жоға­­­рыда аталған ұлттық ком­панияның дамыту жөнін­дегі вице-президенті мінде­тін атқарушы Д.Нұр­маған­бетовтен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоға­мының еншілес компания­сы – «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) сіздің  №67/68 «Астана – Защита» бағытындағы жолаушылар пойызына «Абай жолы» атауын беру жөніндегі ұсы­нысыңыз назарға алынып, келісілді. Қазіргі таң­да қоғам тарапынан осы мәселе бойынша тиісті жұ­мыстар атқа­рылуда», – деген жауап та келген еді. «Жолаушылар тасымалы» акцио­нерлік қо­ғамының сервистік қыз­мет көрсету бө­лі­мінің бас маманы Асқар Ахметбеков «Абай жолы» атауы­мен жолаушылар пойызы осы қаңтар айының соңын­да немесе алдағы ақпан айында қатынайтынын хабарлады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА  Шығыс Қазақстан облысы