• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Заң жобасына ұсынылатын түзетулер талқыланады

282 рет
көрсетілді

 Астанада медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша заң жобасына ұсынылатын түзетулер талқыланады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеу­меттік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасы заңы­ның жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Тыңдауға тәуелсіз сарапшылар, саяси партиялардың парламенттік және парламентке кірмейтін саяси партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкер­лер палатасының өкілдері шақы­рылды. Қоғамдық тыңдау 2017 жылғы 27 қаңтарда  сағат 15.00-де Астана қаласы Бейбітшілік к-сі 49 А, Астана медициналық университетінің мәжіліс залында өтеді (1 қа­бат). Қатысушыларды алдын ала тіркеу шара басталғанға дейінгі 30 минутта жүргізіледі. Кез келген адам Денсау­лық сақтау және әлеумет­тік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында заң жобасының мәтінімен таныс­қа алады. Сонымен қатар, a.nugmanova@mzsr.gov.kz поштасына ұсыным­дар мен шағымдар қабылданады. Қоғамдық тыңдауды өткізу мен оған дайындық шаралары бойынша комиссияның байланыс телефондары: 74-34-49, 74-34-66, 74-28-43, 74-28-41. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минис­трлігінің баспасөз қызметі: ДСӘДМ-нің ресми сайты – www.mzsr.gov.kz; e-mail: press_mzsr@mail.ru; Әлеуметтік-еңбек саласының мәселе­лері бойын­ша – 742855; Денсаулық сақтау саласы­ның мә­селеле­рі бойынша – 743137, 743241 бай­ланыс телефон­дарына хабарласуға болады.