• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Іргелі ізденістер іріктеледі

345 рет
көрсетілді

Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен  Италияның Қазақстандағы елшілігі және «LATTANZIO Group» консалтингтік компаниясы бірлесіп, «II Buon Governo» (Тиімді үкімет) грантын алу үшін Қазақстан жастары арасында елімізде жүргізіліп жатқан қазіргі реформаларға арналған үздік зерттеу жұмыстарын жазуға конкурс өткізілетіндігін жария етті. Аталған грант жастардың ізденісін ынталандырып, жақсы нә­тижелерге қол жеткізуге мұ­рын­­дық болмақ. Әсіресе, «100 на­қ­ты қадам» – Ұлт жоспарының 1 және 5-қадамдарын іс жүзіне асы­руға мүмкіндік беретіні атал­ды. Бас грант: айына 800 еуро төленетін 6 айлық зер­т­­­теу жұмыстары, соның ішін­­­­де бір айын Италияның үз­­дік сараптамалық-талдау орта­­­лығында өткізу көзделсе, оның қаржыландырылуын «LATTANZIO Group» компа­ния­­сы өз мойнына алады. Ұсы­ныл­­ған жұмыстар арасынан 6 үз­­дік деп танылғандары ғана таң­далып алы­натындығын айта кет­кен жөн. Президент жанындағы Ра­қым­­­шылық мәселелері жө­нін­де­гі комиссияның төрайымы Зинаида Федотова өз сөзінде мемлекеттік қызметке жаңа талантты жастарды тарту мәселесі өткір тұрғандығын сөз ете келіп, жеке секторларда жә­не шет елдердегі ұйымдарда жұ­мыс істейтін еліміздің жас азаматтарын кеңінен тарту ке­рек­тігіне назар аудартты. Кейбір қыз­­мет­тер­ге шетелдік менеджерлер тар­тылуы мүмкіндігі де аталмай қал­ған жоқ. Сондықтан да жас ға­лымдарға қазіргі мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімділікті зерттеуде көптеген бағыттар барлығы да қаперге салынды. Академияның оқу жұмысы жә­не ақпараттық технология­лар жөніндегі вице-ректоры Альтаир Ахметов қазақстандық жас­­тарды аталған жобаға бел­сен­ді қатысуға шақырды. Бұл мемлекеттік аппаратты жетілдіріп, соның арқасында елімізді дамытуда айрықша маңызды екендігін алға тартты. Осындай байқаулардың соң­ғы жылдары Италияда өткізіліп ке­ле жатқандығын тілге тиек ете ке­т­­­кен «LATTANZIO Group» ком­­­паниясының басшы­сы Ба­зилио Буффони Қазақстанда грантқа конкурс өткізу бірінші рет екендігін және келесі жыл­дар­да оны жалғастыруға мүм­­кін­­дік барын жеткізді. Тағы бір белгілісі, әлемнің көптеген ел­­дерімен және халықаралық ұйым­дармен тығыз байланыс­тар орнатқан компания Орта­лық Азия елдерімен ынты­­мақ­тас­тыққа ынталы екен­дік­терін аң­ғартып отыр. Сондықтан да Қазақстанда өз офистерін ашу­ды көздейді. Вице-ректор Альтаир Ахметов сөз реті келгенде ше­шім қабылдауға азаматтарды ке­ңінен жұмылдыру жағын айта келіп, білім ордасының сараптамалық-талдау орталығы ретінде ізденуші жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыру және грант беру жолымен жас ғалымдардың әлеуетін арттыру арқылы мемлекеттік органдар­ды жаңа бастамалармен, ұсы­ныстармен және ғылыми жо­ба­лар­мен жабдықтап отыру көз­делгендігін алға тартты. Ита­лияның Қазақстандағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян да өз еліндегі осыдан жиырма жыл бұрын өткізілген реформалардың барысынан хабардар ете кетті. Ұсынылған жұ­мыс­тар арасынан 6 үздік жұмыс таңдалып алынады деп күтілуде. Таңдап алынатын жұмыстар үстіміздегі жылдың 20 наурызында өтетін салтанатты рәсім кезінде таныстырылатын болады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»