• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Қайраткердің өмірдерегі

1157 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің құнды құжаттары келіп түсті. Жеке тұлғалардың, соның ішінде жауапты қызметтерді атқара оты­рып, Қазақстанның қа­лыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қос­қан азаматтардың өмір­баян­ынсыз мемлекет тари­хы толықпайды. Сон­дық­тан Президент А­р­хив­інде қорлардың бел­гілі мемлекет және қо­ғам қайраткерлерінің құ­жат­та­рымен толығуына ерекше мән беріледі. Қазіргі уа­қытта Архивте 85 жеке тектік қор бар. Жеке қорлар кеңестік дәуірдегі және қазіргі заманғы саяси элита өкілдерінің қызметі мен өмір тарихын және олардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсететін теңдессіз жинақ көздері болып табылады. Жақында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің (1917-2010 ж.ж.) жеке қорымен толықты. Ар­хив­ке қор құжаттарын оның ұлы Оңдасын Бәйкенұлы Әшімов тапсырды. Бәйкен Әшімұлы Әшімов (1917-2010 жж.) – Ақмола облысында туған  көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, 1970 жылдан 1984 жыл­ға дейін  Қазақ КСР Министрлер ке­ңесінің төрағасы қызметін ат­қар­ды. Бәйкен Әшімұлының келесі та­ғай­ындаулары депутаттық қыз­мет­пен бай­ланыс­ты: Қазақ КСР Жоғарғы Ке­ңесі Президиумының төрағасы (1984-1985 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары (1984-1985жж.) болып қызмет етті. Бәйкен Әшімұлының Ұлы Отан соғысына қатысқан жылдарын атап өткеніміз жөн болар.Ол 1942-1945 жылдары 370-ші атқыштар дивизиясында, 76-шы Қызыл туын атқыштар дивизиясында әскер қата­рын­да әскери борышын өте­ді. Сандаған сұра­пыл шай­қас­тар­ды басы­нан өткерді. Архивке тап­сы­рыл­­ған құжаттардың ара­­сында Ұлы Отан со­­ғысы кезінде Ке­ңес Одағы Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қол­­басшысы И.­Ста­лин­­­­нің атынан бе­ріл­­ген алғыс хаттар, Ковель қаласын және Варшава маңындағы Прага бекінісін азат етудегі үздік жауын­герлік қимылдары үшін жауынгерлік наградаға берілген марапаттау кітапшасы құнды болып табылады. Қабылданған құжаттардың ау­қымды бөлігінде Б.Әшімовтің қыз­меттік өмірін бейнелейтін құ­жаттар топ­тамасы жиналған, олар­дың ішінде баяндамалар, сөй­леген сөз­дерінің, мақала­ла­ры­ның қол­жаз­басы, еңбек қызметі, 1977 жылы Социалистік Еңбек ері құрметті атағын беру туралы, құттықтау хаттар және бас­қа­лары бар. Қазақстан Республикасы Прези­ден­ті Архивінің Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері ту­ралы өмірбаяндық зерттеулер­ге арналған дереккөздер базасы жылдан-жылға аса құнды құжат­тармен толықтырылып келеді. сон­да жинақталған мәліметтер зерт­теушілерге мемлекет тарихымен қатар, мемлекет және қоғам қай­раткері Бәйкен Әшімұлы Әшімов сияқ­ты белгілі тұлғалардың өмір жолда­рымен танысуға мүмкіндік береді. Шәмсия ТӨЛЕУОВА, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы АЛМАТЫ