• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Отаншылдыққа баулу балалар ұйымы арқылы жүргізіледі

879 рет
көрсетілді

Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық құндылықтары­мызға сүйене отырып қалыптасады десек, артық емес. Отансүйгіштік сезімге баулу тәрбиесі тереңнен тамырын тартқан. Ол – халқымыз­дың сан ғасырлық болмысының, дүние­таным-көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр мәдениетінің жарқын көрінісі. Осындай қасиет­терді бойға дарытпай тұрып, ұр­пақ­ты патриот етіп тәрбиелеу мүм­кін емес. Туған елін, жерін қор­ғай­тын және осы мақсат жолын­да бар күш-жігері мен ақыл-пара­са­тын аямайтын жас ұландар тәр­бие­леу бүгінгі күннің басты мін­деті болып тұр. Патриоттық сезім көр­сет­кіші – оқушылардың іс-әре­кеті­­нен көрініп тұруы тиіс. Солай қалып­тастыру – бізге парыз. Осындай іс-әрекет барысында жас буын қоршаған орта құнды­лық­­тарының қалпын бұзбай сақ­тау­­ға өз үлесін қосады. Бұл өз ке­зе­­­­гін­­де патриоттық сана-сезім­­дері­­­нің дамуы­на ықпал етері анық. Атап айт­­қан­да, өз басы­ның мүд­де­сін ұлт ісі­мен, Отан, мем­ле­кет, халық мүд­десі­­мен ұштас­тыра түсе­ді. Білім беру мен ғылым­ды дамыту­­дың 2016-2019 жыл­­­дарға арнал­ған мем­ле­кет­­тік бағ­дар­­лама­сы­ның не­гізгі мақ­­са­ты да осы­ған жетелей­ді. «Мәң­гі­­лік Ел» талабына сай, ғылым мен тех­­ни­­каның, жалпы әлем өр­ке­­ниеті­­нің жа­ңа­лығын еркін біліп, еркін иге­ре, қолдана алатын Қазақ­стан жас­тары қоғамның шынайы тірегі болары хақ. Мектеп оқушыларының бойы­на «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық пат­­риот­тық идеясының рухани-адам­­гер­шілік құндылықтарын және сал­­аматты өмір салты­ның мәде­­ниетін қалыптастыруды көз­­дей­тін мектептердегі, мек­теп­тен тыс мекемелердегі тәрбие құрал­дары­ның бірі балалар ұйым­дары мен бірлестіктері болуы керек. Отанын құрметтейтін жас ұр­пақ­­­ты қа­лып­тастыру ісінде ол ма­ңыз­­­ды рөл атқарары сөзсіз. Қазір елі­­міз­де жаңашыл «Жас ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымдары қалып­тасу үстінде. Елбасымыздың Жол­дауын­да айтыл­ғандай, патриотизм, мораль мен парсаттылық норма­лары, ұлтара­лық келісім мен толе­рант­тылық се­кілді құнды­лық­тарды оқу бары­сын­да оқушы­лар­дың бойларына сіңіру­ге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында жаңашылдық пен әдістемелік идеяларды бір арнаға тоғыстырудың нәтижесінде балалар ұйымдары, отаншылдыққа тәрбиелейтін патриоттық клубтар мен жасақтар қарқынды дамып келеді. Оқушыларды отаншылдық сезім­ге баулу – тәжірибеміздің бірі, Елба­сы­мыздың тапсырмасы­мен құ­рыл­ған Қазақстанның жас азамат­тары­ның басын біріктіретін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйы­мы өз жұмысының нәтижесін беріп үлгерді. «Жас Ұлан» – өске­л­ең ұрпақты жоғары рухани-адам­гершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократия­л­ық ұстанымдарға негізделген қазақ­стандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. Ұйымның басты мақсаты да өскелең ұрпақ­тың бойында патриоттық, білім ар­қы­лы өзін-өзі жетілдіруге деген құш­тар­лық, беріктік, Отан тарихына, Қазақ­станның бүгіні мен бола­ша­ғына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылардың Отанға деген ерекше құрметін қалыптастыратын көптеген тәрбиелік іс-шаралардың басын біріктіретін балалар ұйым­дары арқылы жүзеге асыру өз нәтижесін берері хақ. Өйткені, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспі­рім­­дер ұйымы мүшелерінің бас­ты ұс­­танымы – Қазақстанның мем­ле­кет­тік рәміз­­дері – Туды және Ел­­таңба мен Әнұран­ды сыйлау мен құрметтеу, өз елінің патрио­ты болу, оқуда, қоғамдық жұмыс­тар­да, еңбекте үлгі көрсетіп алда жүру, мәдениетті болу, саламатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдас­тары арасында насихаттау, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету. Міне, бойына осындай қасиеттерді жиған жас өрендеріміз өз Отанының патриоты болатынына сеніміміз мол. Елбасымыз халыққа Жол­дауын­­да «Мәңгілік Ел» қазақ елі­­нің басты ұлт­тық идеясы деп атап көр­сет­кені бел­гілі. Бұл үшін бірін­ші кезек­те еге­мен еліміздің ертең­гі тұт­қа­сын ұс­тай­тын жас жеткін­шек­тер­ді отан­шыл­дық сезімге баулу­дың ма­ңы­зы жоғары. Тек осындай жағ­дай­да ғана білім беру мен тәрбие ісі то­лық­қ­ан­ды бо­ла түсері анық. Түйіп айт­қан­да, қазір­гі күні өз елін сүйетін нағыз отан­­шыл азамат тәрбиелеуден ас­қан биік те мерейлі міндет жоқ деп білеміз.  Жосабек ЕСЕНҒАЛИЕВ, «Өркен» қосымша білім орта­лығының педа­­­гог-ұйым­дастырушысы Батыс Қазақстан облысы