• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Аттестаттаудан өтеді

332 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қыз­метіндегі баспасөз мәслихатында Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов «Б» корпусының 3224 өкілі ке­шен­ді аттестаттаудан өтетінін хабарлады. – Қазақстанда «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асы­руға бағыт­талған кең көлемді жұмыс­тар жүргізі­луде, – деді депар­тамент басшысы. – Бес институт­тық реформаның 15-қада­мы зама­науи мемлекеттік аппаратты қалып­тас­тыруды көздейді. Осыған байла­нысты әкімшілік мемлекеттік қызмет­тің сапасын бағалау мен аталған қыз­меттің түпкі нәтижесінің тиімді­лігін айқындайтын кешенді аттес­таттау өткізіледі. Мақсат – «Б» кор­пусы өкілдерінің кәсіби даярлығы мен атқарып отырған лауазымына сәйкестігін анықтау. Брифинг барысында бүгінгі күні облыстағы 706 мемлекеттік органда 5961 адам қызмет атқаратыны белгілі болды. Өкілетті орган белгілеген кес­теге сай, жекелеген санаттарды қос­пағанда, 3224 мемлекеттік қызметкер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Аттестаттаудың маңыздылығы мен өткізілу тәртібін түсіндіре келе, Б.Беспалинов былай деп атап көр­сетті: «Аттестаттау мемлекеттік қыз­меткердің кәсіби, этикалық әлеуетін жан-жақты айқындайды. Сондықтан, аталған шараны өткізу барысында аттестаттау комиссиясынан тиісті ше­шім қабылдауда объективтілік пен өз жұмысының ашықтығы талап етіледі».  Бақберген АМАЛБЕК, журналист Ақмола облысы