• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Астана әкімінің баспасөз хатшысы ауысты

545 рет
көрсетілді

Элвира Жүргенбаева Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы - баспасөз қызметінің жетекшісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеш жарық, достар! Өмірімдегі маңызды өзгерістер жөнінде айтқым келіп отыр. Мен бүгіннен бастап Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы - баспасөз қызметінің жетекшісімін. Телеарнада 10 жылға жуық уақыт еңбек еттім. Көп нәрсені үйрендім, көрдім. Жаңа әсерлер, жаңа тәжірибе, шақыртулар мен жеңістер үшін кез келді! Әсет Исекешевтің баспасөз қызметінде еңбек ету - үлкен құрмет және жауапкершілік...», - деп жазды Жүргенбаева Facebook-тегі өз парақшасына. Элвира Жүргенбаева Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін аяқтаған.