• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Әлемдегі мұнай бағасы тұрақталады

385 рет
көрсетілді

Әлемдегі мұнай бағасы биыл тұрақталуы тиіс. Бұл туралы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо Венесуэлаға сапары барысында мәлімдеді, деп жазады «Хабар 24». Оның айтуынша, бұған өткен жылы ОПЕК елдері мен бірқатар мемлекеттің бірлесе қара алтынды өндіру көлемін азайту туралы шешімі негіз болған. Енді келісім нәтижесінде мұнайдың бағамы бұдан үш жыл бұрынғы деңгейіне жетіп, өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесіне сай келуі тиіс. Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро қара алтынның құны жақын айларда-ақ 70 долларға жетеді деп отыр. Айта кетейік, өткен жылы қараша айында ОПЕК елдері мұнайды өндіруді 1,2 млн баррельге дейін азайтып, күніне 32,5 млн баррель өндіруге уағдаласқан. Ал желтоқсанның 10-ы күні оған тағы бірқатар мемлекет қосылды.