• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2017

Жылы жүздесулер жалғасты

301 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында болды. Қармақшыда аудандық емха­надағы негізгі әңгіме арқа­уы әлеу­меттік саладағы өзге­ріс­тер, міндетті медицина­лық сақтандырудың жай-күйі жай­ында қозғалса, аудан­дық әкім­діктің мәжіліс залын­дағы кез­десу кең ауқым­ды қам­тыды. Жа­лағаш ауда­ны­ның орта­лы­ғындағы амбула­то­риялық емха­на қызметкерлері кез­десу кезін­де денсаулық сақ­тау саласына жасалып отырған қам­қорлыққа ризашылықтарын білдірді. Сырдария ауданын­да С.Абдрах­манов Шаған ауы­лын­дағы жаңа бала­бақшаның ашы­луына қатынасып, құт­тықтау сөз сөйледі. Шиелі­дегі құбыр зауытының, Жа­ла­­­ғаш­тағы күріш ақтау эле­ва­торының жұмысымен, Шиелі ауданындағы Ыбырай Жа­қаев, Нартай Бекежанов му­зей­лерімен танысу да қызғы­лықты өтті. Қорқыт Ата атындағы Қы­зыл­орда мемлекеттік универ­си­тетінде оқытушы-профес­сор­лар құрамымен, сту­денттермен емен-жарқын кездесуде университет ұстаздары өздерін толған­дырып жүрген бірқатар мәселелер бойынша жан-жақты ақпаратқа қанықты. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы