Алматы әуежайында 4 рейс бөгелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18 қаңтар күні таңғы уақытта Алматы халықаралық әуежайында төмендегі рейстер кешікті:
1. SU1947 17 қаңтарда ұшуы тиіс Алматы-Мәскеу (ұшақтың кешігіп келуі) «Аэрофлот»;
2. KC301 Алматы-Өскемен (техникалық себеп) «Эйр Астана»;
3. DP834 Алматы-Самара (ұшақтың кешігіп келуі) «Победа»;
4. U1947 Алматы-Мәскеу (ұшақтың кешігіп келуі) «Аэрофлот»;
Тоқтатылған рейстер жоқ. Қазіргі уақытта вертикалды көрініс 30 м, көлденеңінен - 1300 метр. Әуе кемелерін қабылдауға және ұшыруға қойылған шектеу жоқ.