Дүйсенбіден бастап Венесуэла ұлттық банкі жаңа вертикалды банкноттар шығара бастады. Оған себеп болған 100 боливиарлық банкноттың айналымнан алынып тасталуы, деп жазады abctv.kz.
Ел президенті Николас Мадуро өткен айда елдегі гиперинфляциядан азаматтардың қарапайым сауда үшін қап-қап ақша арқалап жүргенін айтқан еді.
Айта кетейік, айналымнан шығарылған 100 боливиар 2,8 АҚШ центіне тең. Қазір елде жаңадан 500-20 000 боливиар аралығындағы банкноттар шығарылды. Ең ірі деген купюраның өзі бар болғаны 5,60 долларға тең.