• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

2017 жылы Астанада 2 балабақша пайдалануға беріледі

249 рет
көрсетілді

Биыл елордада 5 мектепке жапсарлас ғимарат салынып, 2 балабақша пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап. Басқарма ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы ертеректе пайдалануға берілген 5 мектепке, атап айтқанда, Қабанбай батыр дағылы бойындағы №17 мектеп-гимназияға, Ж.Жирентаев көшесі бойындағы №22 мектеп-гимназияға, Абылай хан даңғылы бойындағы №32 мектеп-гимназияға, Күйші Дина көшесі бойындағы №37 орта мектепке және Кенесары көшесі бойындағы №16 орта мектепке жапсарлас ғимараттар салынады. Мұнан бөлек, биыл 2 балабақша салынады. Нақты айтқанда, Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай Жұмабаев көшесінен батысқа қарай жылу желісі бар 240 орындық балабақша және Иманов көшесі, Макаренко, Радищес тұйық көшелері қиылысы ауданында да 240 орындық балабақша бой көтереді.