• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Симуляция үшін футболшылар ойыннан шеттетілуі мүмкін

332 рет
көрсетілді

Англия футбол қауымдастығы матч кезінде симуляция жасаған футболшыларды екі ойынға шеттетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады. Аталған қауымдастықтың төрағасы Грег Кларк Шотландия лигасының дәл осы тәртібін ағылшын премьер-лигасының қолданысына енгізуі мүмкін. Жақын күндері қауымдастықтың ресми қызметкерлері Шотландияға барады. Мәліметтер бойынша бұл елде әр матч аяқталғаннан кейін даулы жағдайларды қайта тексеріп, жаза қабылдау туралы шешім шығаратын арнайы комиссия құрылған.