• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

2016 жылы ОҚО спорт саласына 10,9 млрд теңге бөлген

328 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы спорт саласына 10,9 млрд теңге бағытталып, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артқан, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Мемлекет тарапынан спортшыларға жасалған жағдайдың арқасында республикалық чемпионаттар мен біріншіліктерде облыс спортшылары 399 алтын, 395 күміс, 391 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 46 алтын, 46 күміс және 37 қола медалге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 46  алтын, 19 күміс және  29  қола медаль жеңіп алды. Айта кетерлігі, жалпы облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында 87 мемлекеттік спорт мекемелерінде 2399 білікті жаттықтырушы 53678 спортшымен күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыста 5350 спорт нысандары тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 172 нысанға артқан.