• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Астанада шолу дөңгелегі шілдеде пайдалануға беріледі

629 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың шілде айында елордада аквапарк пен шолу дөңгелегі пайдалануға беріледі, деп хабарлады ҚазАқпарат Астана қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап. Басқарма мәліметі бойынша, Қорғалжың тас жолы бойындағы «Думан» ойын-сауық орталығына аквапарк пен шолу дөңгелегін орнату арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Тапсырысты «Alem-Projekt» ЖШС-і берген. Ал бас мердігер - «ҚазДаму Invest» ЖШС. Шолу дөңгелегінің биіктігі - 65 метр. Дөңгелек панорамды жарықпен жабдықталған. Онда желдету және жылыту жүйелеріне қосылған 32 кабина және жайлылығы жоғары 4 кабина болады. Көру дөңгелегі жыл бойы және күні-түні жұмыс істемек. Ал аквапарк аумағы 6874 шаршы метр. Оған аквапарк, киім ауыстыратын орындар, қабылдау бөлмесі, тамақтану алаңы салынады. Жылына 240 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл нысандар ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға берілмек.