• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

ВВС Шымкентте түсірілген «Top Gear» бағдарламасын наурызда көрсетеді

249 рет
көрсетілді

Британдық BBC телеарнасындағы "Top Gear" бағдарламасының түсіру тобы Шымкент қаласында болды. Мұнда олар танымал британдық телебағдарламаның бір эпизодын түсірді және ол наурыз айында көрсетілетін болды, деп хабаралады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Түсірілім өте  табысты  өтті», - дейді бағдарлама редакторы Алекс Рентон. Ол Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа фильмді түсіру барысындағы ең әсерлі эпизодтар Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде шырайлы Шымкент қаласында түсірілгенін айтып, осы түсірілімге  қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. "Top Gear" - ең танымал британдық телебағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама 1977 жылдан бастап шығарыла бастаған. 350 миллионнан астам ресми аудиториясы бар. Эфирдегі көрсетілім  ұзақтығы - шамамен 60 минут.