• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

2016 жылы 300-ден астам алматылық кәсіпкер қаржылай қолдау алды

321 рет
көрсетілді

2016 жылы «БЖК 2020» бағдарламасы аясында 300-ден астам алматылық кәсіпкер қаржылай қолдау алды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық, , деп хабарлады Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. 2016 жылы несие қоржыны - 78,8 млрд теңгені (2015 ж.- 30,9 млрд теңге), субсидиялау көлемі - 15,3 млрд теңгені (2015 ж.- 6,2 млрд теңге) құрады. Ал өсу 2,5 есені құрады. Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиевтің айтуы бойынша, өткен жылы 198 жоба 15,3 млрд теңгеге субсидияланған, 77 жоба 794 млн теңгеге кепілдік алды, сондай-ақ 31 кәсіпкерге 84 млн теңге сомасына гранттар табысталды. Алматыда БЖК 2020 бағдарламасымен қатар, сауда және көрсетілетін қызметтер саласындағы алматылық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген «Жібек жолы» өңірлік бағдарламасы қолданыста екенін атап өту қажет. 2015 жылдың бірінші кезеңі аясында 4 млрд теңге сомасына 77 жобаға қолдау көрсетілсе, екінші кезеңі аясында 2,6 млрд теңге сомасына 40 жобаға қолдау көрсетілген.